Араларды қолға үйретуге (дрессировка) болатыны анықталды
Араларды қолға үйретуге (дрессировка) болатыны анықталды
4 жыл бұрын 3177 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Аргентиналық ғалымдар араларды тек күнбағысты тозаңдандыруға үйретті әрі бұл тәжірибені алдағы уақытта өзге де ауыл шаруашылық өсімдіктерін тозаңдандыруда пайдалануға үміттеніп отыр. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік ғылыми басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай жетістікке жету үшін Буэнос-Айрес университетінен Уолтер Фарин бастаған биологтер тобы жәндікке күнбағыс иісін еске түсіретін арнайы әрі жасанды хош иіс (ароматизатор) жасаған екен. Бұл арада ғалымдар иісті бастан-аяқ көшіріп алған емес, тек жәндік үшін мәні мен маңызы бар элементті ғана пайдаланған. Содан соң бұл ароматизатор ара ұясының ішкі жақтауына үстеді. Нәтижесінде аралар негізінен күнбағыстың нектары мен тозаңын жинаған. Бұл өз кезегінде жақын маңдағы алқаптағы күнбағыстың дақылын 29-дан 57%-ға дейін арттырған. Уолтер Фариннің айтуынша, күнбағыс иісі өз кезегінде араның дәм талғамына әсер еткен, яғни, жәндікті осылайша тек күнбағысқа бағдарлай алған. Осылай дей келе биолог аталмыш процедураның көмегімен араның қоректік белсенділігіне әсер етіп, шығымы нашар өсімдіктен мол астық алуға қол жеткізуге болатынын алға тартып отыр. Былайша айтқанда, жай ғана ароматизаторды мақсатты түрде тозаңдандыру стратегиясы үшін пайдалануға болады. Ғалымдар бұл тәжірибені ендігі жерде шығымы мен өсіп-өнуі тозаңдандыруға тәуелді өзге де ауыл шаруашылық өсімдіктеріне пайдаланып, зерделеп көрмек.

0 пікір
Мұрағат