Аса қауіпті супербактерияға қарсы тегеурінді қару табылды
|

Ғалымдар ең қауіпті жұқпалы қоздырғаштардың бірі – гонококкпен (Neisseria gonorroheae) күресе алатын, гонореяны (жыныс ағзасының шырышты қабатын зақымдайтын венерологиялық инфекция) тудыратын және антибиотиктерге тез төзімділік таныта алатын бактериямен жаңа қосылысты тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Microbiology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Германиядағы Констанса унисерситеті мен Австриядағы Вена жоғарғы оқу орнының ғалымдары келешегі зор затты – алкильхинолонды анықтады. Бұл зат бактериялардың бір-бірімен өзара күресінде пайдаланылатын молекула ретінде белгілі. Олардың ішінде 2-нонил-4-хинолон-N-оксид (NQNO) зертханалық-синтезделген нұсқасын ерекше бөлежарып айтуға болады. Бұл бағыттағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, NQNO гонококк жасушаларындағы электрон тасымалдау тізбегін тоқтатады, ал бұл жайт бактерияны ішкі күйзеліске әкеледі және өзінің уытымен өзін-өзі жою тетігін іске қосады. Сонымен бірге, аталмыш зат адам жасушалары мен пайдалы бактерияларға зиянын тигізбейді. Тышқандарға жүргізілген тәжірибесінде жаңа терапия инфекцияға қарсы жоғары тиімділікті көрсетті. Сонымен қатар, ғалымдар NQNO-ны химиялық модификацияның көмегімен оның тиімділігін арттыра отырып, жетілдіре алды. Зерттеушілердің айтуынша, Neisseria gonorrhoeae - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басқа микробтардан тез бейімделу және төзімділік гендерін алу қабілетіне байланысты басым патогендер тізіміне енгізген ең қауіпті супербактериялардың бірі. Жаңа тәсіл, әсіресе, қолда бар дәрі-дәрмекпен емдеуге келмейтін штаммдардың пайда болуын ескере отырып, инфекциямен күрестегі маңызды қадамға айналуы ықтимал.




