|
Аштықтың алдын алу үшін зертханада ақуыз өсіріледі (видео)
|
Шотландиялық Зак Остин - Pacifico Biolabs негізін қалаушылардың бірі. Оның халықаралық тобы аштыққа біржола тосқауыл қою бағытындағы жоба бойынша жұмыс істеуде. Бұл жайында islam.kz порталы Africanews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның бірегей технологиясы саңырауқұлақ дақылдарынан ет өнімдерін алмастыратын өнімді алу үшін пайдаланылады. Лейпциг биоқаалашығында өңірлік, ұлттық және еуропалық қаржыландыру құралдары өзара байланысты. Жүздеген жас компаниялар мұнда Еуропаның болашақ технологиялар нарығын қалыптастыруды көздейді. Лейпциг – көптеген стартаптар мен биотехнологиялық компаниялар ашылған орталық. Мұндағы көптеген техникалар мен өндіріс процестері құпия ұсталады. Коммерциялық мақсатта. Винтимилла есімді Pacifico компаниясының биохимиялық өнертапқышы ғалымдардың мицелия талшықтарын (вегетариандық) тауық кеудесіне айналдырып, нақты өнім алуға қол жеткізгенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, аталмыш топ саңырауқұлақ ақуыздарынан ет пен шұжық өнімдерін әзірлеудің тың тәсілін ойлап тапқан. Ал Пау Оллер Арменгол есімді испан ғалымы, дәлірегі, тағам технигі мицелиалды талшықтан вегандарға арналған балық етін өндіру тетігін тапқан. Нағыз тауықтың өсіп-жетілуіне табаны күректей 60 күн кетеді. Pacifico мамандары бір күнде осындай мөлшерде ақуыз өндіре алады. Әлем халқы тоқтаусыз өсіп келеді. Әлемнің кейбір бөліктері аштықтан зардап шегуде. Әлемнің ақуызға деген сұранысы артып келеді. Бұған қоса, климат дағдарысы астықтың жаһандық өнімін 40 пайызға төмендетпек. Адамзаттың азық-түлік қауіпсіздігіне нақты қатер төнді. Сол себепті, жер мен топырақты, климат пен қолайы ауа райына мұқтаждығы жоқ өнім өндірудің қажеттілігі мен өзектілігі артып келеді.