|
Ауаны суға айналдыратын бөтелке (видео)
|
Австралияда Кристоф Ретезар атты дизайнер ерекше бөтелке ойлап тауыпты. «Fontus Airo» және «Fontus Ryde» деп аталатын бөтелкелер ауаны суға айналдырады. Бұл өнертабыс саяхатшыларға арналған: «Airo» жаяу жүрген кезде таптырмайтын ыдыс болса, ал «Ryde» бөтелкесін велосипедке қыстырған ыңғайлы. Ал олар ауаны суға қалай айналдырады? Бөтелкенің қақпағына кірген ауа сол жерде салқындап, конденсацияланып, сүзіліп, бөтелкенің ішіне су күйінде құйылады. «Fontus Airo» бөтелкесінде баламалы қуат көзі болып табылатын күн батареясы бар. Өнертапқыштар қолданған ерекше технологиялар арқасында бұл ыдыстардың көмегімен ауаны қалаған кезде суға айналдырып алуға болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады