|
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
|
Сингапурде қандай да бір құрылғыны дербес қуатпен қамтамасыз ететін индустрияны жаңа белеске көтеретін ерекше жаңалық ашты – бұл арада AA және AAA форматындағы сілтімен жұмыс істейтін кәдімгі батарейкаларға биологиялық тұрғыдан ыдырайтын, яғни, экологияға зияны жоқ, сумен жұмыс істейтін баламалы батарейка өндірісі турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Techspot ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осынау оңтүстік-шығыс Азия елінде қоршаған ортаға залалы жоқ қолға алынған жоба бойынша айрықша батарейка электролит үшін суды пайдаланатын ағаштан жасалған. Бірегей конструкцияны уыттылық деңгейі көп төмен цинк пен марганецтен әзірленген электродтар толықтырған. Өзгеше жоба үшін Logitech, Amazon, Apple Nimble, т.б. компаниялар кезекке тұрып жатыр. Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын батареяларды өндіру технологиясын сингапурлық Flint стартабы ұсынды. Ол алғаш рет бір жыл бұрын CES 2025 көрмесінде ұсынылды. CES 2026 көрмесіне Flint компаниясы батареялардың коммерциялық үлгілерін және танымал гаджет өндірушілерімен экологиялық таза өнімдерді сатып алу мәселелері бойынша кең ауқымды келісім туралы хабарлады. Батареяның негізгі белсенді элементтері уақыт тексерген электрохимиялық схеманы сақтайды: анод мырыштан, ал катод - марганецтен жасалған. Бұл материалдар қағаз негізіндегі материалға салынған және уытты органикалық еріткіштерді қолдануды болдырмайтын су, қауіпсіз электролитпен бірге жұмыс істейді