Бактерияны жойып, шырышты қабатты қорғайтын ақуыз табылды
Бактерияны жойып, шырышты қабатты қорғайтын ақуыз табылды
2 сағат бұрын 33 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының (Америка құрама штаттары) ғалымдары ішектен ерекше ақуызды - интелектин-2-ні тапты. Ол ішекті инфекциялардан табиғи жолмен қорғайды. Яғни, табиғи қорғаушы ретінде қызмет етеді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың айтуынша, ақуыз бірден екі маңызды міндетті орындайды. Біріншіден, ол ішектегі шырышты нығыздап, тығыз әрі сенімді етеді. Шырыш - микробтарға қарсы біздің алғашқы кедергіміз. Екіншіден, интелектин-2 зиянды бактерияларды, оның ішінде қарапайым антибиотиктерге бой бермейтіндерін аулайды және жояды. Ақуыз бактерия қабығына жабысып, оны уақыт өте келе бұзады. «Бұл екі жақты қорғаныс сияқты: алдымен ақуыз «қабырғаны» нығайтады, ал егер микробтар жарылып кетсе, оларға өзі шабуыл жасайды», - деп түсіндіреді осы бағыттағы зерттеу жетекшісі профессор Лаура Кислинг. Әсіресе, интелектин-2 дәрі-дәрмекке төзімді бактерияларға қарсы әрекет ете алатын ақуыз, мәселен, алтын түстес стафилококқа қарсы тегеурінді тойтарыс бере алады. Аталмыш жаңалық организмді табиғи жолмен қорғауға негізделген инфекциялармен күресудің тың әдіс-тәсілін табуға әрі қолдануға көмектеседі. Бұдан басқа, ақуыз ішектің қабынуынан пайда болатын дерттерді емдеуде көмектесе алады, мысалы, Крон ауруы немесе жара ойығы сияқты аурулар ем-домында тиімділік танытуы мүмкін. Мұндай диагнозы бар кейбір пациенттерде немесе науқастарда интеллект-2 деңгейі бұзылған: ол тым аз немесе тым көп. Қалыпты мөлшерін қалпына келтірсе, ішектің шырышты қабатының қызметі жақсарып, инфекция қаупін төмендетуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат