Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды
Бактерияның антибиотикке төзімділігінің тағы бір сыры ашылды
4 жыл бұрын 3626 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кей бактериялар әсері ең күшті деген антибиотик шабуылынан аман қалады. Тірі қалғандары бактериялардың тұтас бір шоғырын қалыптастырады. Таяуда Суррея университетінің ғалымдары кейбір бактерияны «ұмытшақтыққа» ұрындыру арқылы олардың төзімділігін арттыратын генетикалық мутацияны тапты. Ғалымдар бактериямен күресте ұдайы сәтсіздікке ұшырап келеді. Бұл жайт өз кезегінде бактериялармен тиімді күресудің жолын табуға итермелеп келеді. Мәселен, америкалық ғалымдар аса қауіпті инфекция тудыратын супербактерияларды жою үшін «қарықтыру» тәсілін ұсынып отыр. Бұрынғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, кей бактериялардың антибиотик шабуылын елемеуге мүмкіндік беретін «режимге» енетіні – «ұйқыға» кететіні белгілі болды. Мұндай қулық микробтың өсуін баяулатып, қауіпті кезеңнен өтіп кетуіне көмектеседі. Яғни, белсенділігі бәсеңдеген бактерияларды антибиотиктердің тауып, көзін жоюы екіталай. Қауіпті кезең артта қалған соң бактериялардың тұтас бір шоғырын қалыптастыруға кіріседі. Жуықта ғалымдар ішек таяқшасын зерделей келе геннен әдеттегіге қарағанда антибиотикке төзімді жасушалардың көптеп пайда болуына түрткі болатын, ydcl деп аталатын мутацияны тапты. Осы бағытта зерттеу жүргізген ғалымдардың бірі доктор Сюзи Хингли-Уилсонның (Suzie Hingley-Wilson) айтуынша, осы бактериялар қалай өсу керектігін «ұмытып» қалған. Бактерияларға қарсы тиімді тәсіл табылмаса, 2050 жылға қарай әлемде супербактериядан өлетіндер қарасы 10 млн адамға жетуі мүмкін. Жылына. Бұл жайындағы зерттеу нәтижесі  мен ғылыми мақала PNAS мерзімді басылымында жарияланды.

0 пікір
Мұрағат