Бала жынысының кездейсоқ пайда болмайтыны анықталды
Бала жынысының кездейсоқ пайда болмайтыны анықталды
5 ай бұрын 909 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұл тараптағы ауқымды зерттеу нәтижесі көрсеткендей, кей әйелдер генетикасына және жасына байланысты биологиялық тұрғыдан бірыңғай не ұл, не қыз тууға бейім келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір қарағанда, болашақ баланың жынысы кездейсоқ пайда болатын секілді көрінеді. Ұрық Х хромосомасын немесе Ү хромосомасын аналық жасушаға жеткізгеннен болашақ баланың жынысы айқындалады, деген пікір үстем болып келген еді осы уақытқа дейін. Ғалымдар 1956-2015 жылдар аралығын қамтыған 150 мыңға тарта туу дерегін талдаудан өткізген, 58 мыңнан аса америкалық әйел мәліметін сараптаған ұзақ мерзімді Nurses"Health Study жобасының нәтижесін шығарды. Кей әйелдер тек бір жыныс өкілін ғана өмірге әкелген. Белгілі болғандай, мұндай эффекті алғашқы перзентін 28 жасынан асқанда көрген аналарға тән болып келген. Бұл жастан асқан әйелдерде тек бір жыныс өкілдерін өмірге әкелу ықтималдылығы 23 жасқа дейін перзент сүйгендерге қарағанда 13%-ға жоғары болып шыққан. 7 мыңнан аса әйелдің генетикалық деректерін қамтитын қосымша талдау нәтижесінде бірқатар қызықты факторлар анықталды. Тек қана қыз туған аналарда 10-хромосомада NSUN6 генінің белгілі бір нұсқалары, ал бірыңғай ұл бала туған әйелдерде - 18-хромосомада TSHZ1 геннің нұсқалары жиі кездескен. Бұл ретте аталған гендердің екеуінің де репродуктивтік функциямен, яғни, ұрпақ өрбіту қызметімен тікелей байланысы жоғын айта кетпекпіз. NSUN6 РНК метилдеу процесіне атсалысады, ал TSHZ1 иіс сезу функциясымен байланысты. Дегенмен, бұл геннің репродуктивті функцияға әсері күрделі және толық зерттелмеген биологиялық тетіктерді көрсетуі мүмкін. Бұл зерттеу нәтижесі өз кезегінде Мичиган университетінің Шианши Шан есімді ғалымы жүргізген генетика зерттеуімен сәйкес келеді. 2024 жылы оның тобы Британдық биобанктің мәліметтерін пайдалана отырып, бірыңғай қызды болудың негізгі тетігін шәуеттердің пайда болуы мен ұрықтандыруға жауапты 10-шы хромосомадағы генмен байланыстыруға талпынған еді. Ғалымдар тек генетиканы ғана емес, зерттеу барысында адамның мінез-құлқы мен әлеуметтік факторларды да ескерді. Қызығы, отбасындағы балалар санының артуына қарай бір жыныстағы балалардың өмірге келу құбылысы күшейе түскен. Үш ұл баласы бар отбасыларда да көбінесе (61% жағдайда) ұл болған. Қыздар үшін бұл көрсеткіш 58% құрады. Бұл құбылыс жасырын биологиялық тетіктерді меңзеуі мүмкін.

Ұқсас материал:

Қандай жұптарда ұл бала көп пайда болатыны анықталды

0 пікір
Мұрағат