Балдың тағы бірқатар пайдалы қасиеттері анықталды
Балдың тағы бірқатар пайдалы қасиеттері анықталды
1 ай бұрын 590 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Загреб университетінің ғалымдары балдың организмдегі қышқылдану процесіне қарсы қуатты қасиетке ие екенін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Antioxidants мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ара балы тек жүрек-қан тамыр және иммундық жүйеге оң әсер етіп қоймай, сонымен қатар, қабынуға қарсы тұрады, қан құрамындағы қант деңгейін қалыпқа келтіреді әрі жасушалардың ерте тозуына жол бермейді. Бұл бағыттағы талдау нәтижесі көрсеткендей, ара балы бос радикалдарды (Бос радикал дегеніміз – жұбы жоқ электронға ие молекула, ол организмде қышқылдану (тотығу) реакциясын тудырады. Жасушаларға ондағы электронды алу үшін шабуыл жасап, жасушалар мен тіндерді зақымдайды. Бос радикалдар әдетте организмдегі зат алмасу процесі (метаболизм) бұзылғанда, қоршаған ортаның ластануы, ультракүлгін сәуле, т.б. секілді түрлі, сыртқы факторлардың ықпалымен қалыптасадыред.) залалсыздандыра отырып, организмдегі қышқылдану процесін баяулатады. Құрамына фенол қышқылдары, флавоноидтар, аскорбин қышқылы, каротиноидтар мен аминқышқылдар кіретін бал табиғи антиоксидантты қорғауды күшейтеді. Бұл компоненттер ферменттердің белсенділігін реттейді және жасушалардың зақымдануының алдын алады. Бал, сондай-ақ, жүйке жасушаларын қорғауға және тіндер емін жеделдетуге ықпал ететін иммуномодуляциялық және нейропротекторлық әсерге ие екенін көрсетті. Биологиялық белсенді заттардың әралуандылығының арқасында өнім созылмалы аурулардың алдын алуда көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат