|
Басшының мінезі қызметкердің денсаулығына әсер етеді
|
АҚШ ғалымдары басшылар өз қоластында қызмет ететін адамдарға жұмсағырақ қатынасқаны жөн деген қорытындыға келді. Олай істемеген жағдайда қызметкерлерде ішкі қарсылық туындап, соның салдарынан жиі ауыратын болады-мыс. Зерттеу - басшының мінезі қызметкердің денсаулығына әсер ететінін көрсеткен. Зерттеуге 220-дан астам адам қатысқан. Ғалымдар олардың оған дейін қанша рет және қандай аурулармен ауырғанын, басшыларымен қандай қарым-қатынаста болғанын зерттеген. Нәтижесінде басшысы қатал қызметкерлердің жиі ауырғаны белгілі болған, деп жазады argumenti.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады