Бауырды май басудан сақтайтын табиғи зат табылды
Бауырды май басудан сақтайтын табиғи зат табылды
4 сағат бұрын 56 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Azogbonon / Wikimedia

Ғалымдар ең көп таралған метаболикалық ауытқулардың (яғни, зат алмасу процесінің бұзылуына себептердің) біріне жататын бауырды май басу дертінің (NAFLD) қаупін төмендететін өсімдік компонентінің табылғаны туралы хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Food & Function (F&F) мерзімді басылымында жарияланған зерттеу мақаласына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ультра сүзгіден өткен тұт жапырақтарынан алынған глутелин ақуызы семіздік пен тамақтану кезінде бауырдың қызметін едәуір жақсартқан. Жасушалар мен кеміргіштерге жасалған тәжірибе барысында глутелин қоспасы бауырда майдың жиналу деңгейін көп кеміткен, триглицеридтер мен холестериннің деңгейін төмендетті, сондай-ақ, аталған ағзаның қабынуы мен зақымдану белгілерін азайтқан. Майлы қоректі тұтынатын жануарлардың салмақ қосу процесін баяулатқан, қан көрсеткіштерін жақсартқан және бауырдың зақымдануына байланысты орын алатын ферменттердің белсенділігін төмендеткен. Қосымша талдау нәтижесі көрсеткендей, бұл табиғи дәрілік заттың әсері тек қана қабынудың сигнал жолдарын басып қана қоймай, сонымен қатар, зат алмасуды, атап айтқанда, өт қышқылдары мен аминқышқылдарды қайта құрудан да көрінген.

0 пікір
Мұрағат