|
Бес уақыт намаз көздің көру қабілетін арттыратынын білесіз бе?
|
Әдетте мұсылман жамағаты Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) сүннетінен, яғни, өсиетінен ауытқымауға тырысады. Сөз жүзінде де, іс жүзінде де. Ақиық елшінің (с.а.с.) әр әрекетіне еліктейтін мұсылмандар намаз оқыған кезінде сәжде ететін жерінен көзін айырмауға тырысады. Намаз қимылдары кезінде бір нүктеге қадалған күйі одан көз айырмауға тырысқан мұсылман сәждеден басын көтергенде және сәждеге барғанда әлгі нүктеге бірде жақындап, бірде алыстайды. Бұл өз кезегінде көздің қарашығы ұлғайып, көру қабілетін арттырады. Бұл бірнеше рет қайталанатындықтан көзге жасалған өзінше жаттығу іспетті болады. Бұл жайында « IslamNews» ақпарат агенттігі “Watan“ ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады