Биохимиктер организмнің зат алмасу процесін жеделдетудің әрі артық майдан арылтудың әдісін тапты
Биохимиктер организмнің зат алмасу процесін жеделдетудің әрі артық майдан арылтудың әдісін тапты
4 ай бұрын 932 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Дания университетінің биохимиктері организмнің зат алмасу процесін жылдамдатудың жолын тапты. Бұл әдіс артық салмақтан зардап шегетін адамдардың арықтауына көмектесіп, қан құрамындағы қант деңгейін бақылауда ұстауға жәрдемдеседі. Бұл жайында islam.kz порталы Cell Metabolism мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте адам арықтауға ден қойғанда организм энергияны үнемдеу үшін калорияны жою процесін баяулатуға көшеді. Организмдегі бұл құбылыс «»зат алмасудағы бейімделу» деп аталады. Міне, осыған байланысты алғашқы бір келі салмақ жоғалтқаннан кейін адамның арықтауы қиындай бермек. Білікті мамандар бұл процеске PLVAP генінің белгілі бір деңгейде әсер ететінін анықтады. Ким Раунскжаер есімді дәрігер түсіндіріп бергендей, қалыпты жағдайда бауыр организм ашыққан кезінде кезінде майды энергия көзі ретінде пайдалануға ауысады. Егер PLVAP ажыратылса, бауыр көмірсуларды өңдеуді жалғастырады, ал зат алмасу процесі белсенді күйінде қалады. Бұдан басқа, бұл геннің өзгертілген қызметі бауырда майдың жиналуына кедергі келтіреді. Оның орнына бұлшық еттерге өтіп, энергияға айналады. Мұндай механизм немесе тетік зат алмасу процесін жеделдетіп қана қоймай, қандағы қант деңгейін төмендетеді, ал бұл жағдай сусамырмен ауыратын науқастарға көмектеседі.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3