Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
1 сағат бұрын 33 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Роботтар мен электронды бұйымдардың жаппай таралуы қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Істен шыққан немесе бұзылған жағдайда қоршаған ортаға тигізер залалы орасан. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Sustainability мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының оқу және ғылыми-зерттеу институты келтірген дерекке қарағанда, 2022 жыл электрлі бұйым қалдықтары шамамен 62 млн тоннаға жеткен. Бұл тығырықтан қоршаған ортаға залалсыз роботтар өндірісін арттыру арқылы шығуға болады. Халықаралық ғалымдар тобы толық биологиялық тұрғыдан ыдырайтын  жұмсақ робот техникасының электрлі жүйесін әзірледі. Ол мерзімі келгенде тыңайтқышқа айналады немесе қоқыс емес, табиғаттың бір бөлшегіне айналады. Бірегей материалдың негізін сусыз-ақ биологиялық тұрғыдан ыдырайтын эластомер - полиглицеринсебацинат (PGS) жатыр. PGS-тің иілгіш жетегі ұзақ мерзімге шыдас береді, тіпті, миллион айналым деформациясынан кейін де иілу бұрышы мен шығу күші іс жүзінде өзгерген жоқ, ал ұзақ сақталғаннан кейін оның жұмыс сипаттамалары тұрақтылығын сақтап қалды. Сынақ барысында аталмыш жүйеге магний, молибден және кремниден жасалған биоорганикалық емес электронды компоненттер орнатылды, роботтың бір саусағы қисық, деформация, жанасу, температура, ылғалдылық және pH датчиктерімен, сондай-ақ, қыздырғыштармен, электр стимуляторларымен және дәрі-дәрмек жеткізу модулдерімен жабдықталды. Нәтижесінде мейлінше интеграцияланған, көп функциялы, биологиялық тұрғыыдан ыдырайтын электрондық платформа пайда болды. Бүкіл роботталған жүйе өнеркәсіптік компостирлеуге орналастырылған кезде электронды компоненттер де бірнеше ай бойы ыдыраған. Алынған компоста өсімдіктерді өсіру тәжірибесі экологияға кері әсерінің жоқтығын растады. «Біз биологиялық тұрғыдан ыдырайтын материалдарға тән шектеулерді еңсеріп, іс жүзінде маңызды сипаттамалары бар жұмсақ робототехникалық электронды жүйені жасай алдыұ», - деп мәлімдеді Сеул университетінің профессоры Кан Сын Гюн.

 

0 пікір
Мұрағат