|
Биологтер ұзақ уақыт бойы есте сақтаудың тиімді тетігін тапты
|
Швейцариялық ғалымдар ақпаратты ұзақ уақыт бойы есте сақтаудың тиімді тетігін атады. Бұл жайында islam.kz порталы Planet Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Женева университетінің мамандары бұл тарапта 18 адамға тәжірибе жүргізіп көрген екен. Оларға арнайы әзірленген ойында ойнауға тапсырма беріледі. Соның нәтижесіне қарап ұзақ уақыт есте сақтаудың ең тиімді тетігін анықтады. Аталмыш тәжірибеге қатысушылар көңілді, қошамет көрсетілген немесе марапатталған сәттерді есте сақтап қалған. Ғалымдар ойын нәтижесін әдейі бұрмалап көрсетеді – адамдар өз жеңісіне масаттанып, шын илануы үшін. Осылайша көңілді сәттер есте ұзақ сақталатына көз жеткізген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2025 жылы 83 ауыл тарап кетті, ал 25 жылда 1,8 мың ауыл жойылған. Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Әлемге әйгілі компания бизнес құрылымын өзгертеді
■
Африка үшін бәсекелестікте Қытай күтпеген жүріс жасады
■
Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр