Бионикалық аяқтың арқасында протезді адам өз аяғы екен деп қалады (видео)
Бионикалық аяқтың арқасында протезді адам өз аяғы екен деп қалады (видео)
41 минут бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Клиникалық сынақ барысында соңғы үлгідегі технологиялық протезді пайдаланған адам әдеттегіден жылдам қозғалып, баспалдақтан қиналмай жоғары көтеріле алған, ең бастысы - протездің денесінің бір бөлігіне айналғанын сезген. Бұл жайында islam.kz порталы  Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Массачусет технологиялық институтының (Америка құрама штаттары) ғалымдары протездеу мүмкіндіктері туралы түсінікті өзгертетін жаңа бионикалық тізе протезін жұртшылық наазарына ұсынды. Кию арқылы аяққа бекітілетін әдеттегі протездерден айырмашылығы - жаңа жүйе адамның сүйегі мен бұлшық еттеріне тікелей жалғанады. Осылайша мұндай прротез әдеттегі протез сияқты шешіліп қалмайды  және бұлшықет пен жүйке сигналдарының көмегімен қозғалыстарды басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл қандай технология?

Профессор Хью Херр жетекшілік еткен ғалымдар әзірлеген AMI (агонист-антагонист-мионеврональдық интерфейс) арнайы хирургиялық әдістемесі осы технологияда негізгі рөл атқарады. Ампутация кезінде хирургтер әдетте жұппен жұмыс істейтін (біреуі қысқарады, екіншісі созылады) бұлшықет жұбын қосады. Бұл хирургиялық тәсіл сенсорлық байланысты сақтауға және протезді адам өзінің нағыз аяғындай креді, яғни, оны сезінгендей басқаруға мүмкіндік береді.

Тұрақтылықты жақсарту және сигналдардың дәлдігін арттыру үшін ғалымдар тікелей сан сүйегіне (e-OPRA жүйесі) салынатын титан имплантатын қосты. Ол арқылы бұлшық еттердегі электродтарға қосылған 16 сым өтеді. Бұл жүйе сигналдарды тізені қандай күшпен және жылдамдықпен бүгу немесе жазу керектігін есептейтін роботталған тізе протезіне береді. Қазіргі уақытта физиологиялық интеграцияның осындай деңгейі - бионика әлеміндегі серпіліс немесе төңкеріс. «Толығымен ерік-жігермен басқарылатын және адам физиологиясына кіріктірілген роботталған аяқ жасалды», - деп мәлімдеді профессор Майкл Гольдфарб.

 

0 пікір
Мұрағат