|
Cағатына 110 шақырым жылдамдықпен қозғалған автокөлік төбесіне дрон қонды (видео)
|
Дрондар бүгінгі таңда қажетті жүкті діттеген жеріне жеткізуден бастап, барлау, соққы беру, т.б. көптеген салаларда кеңінен әрі белсенді түрде қолданыла бастады. Дрондардың мүмкіндігін арттыру бағытында түрлі зерттеулер жүріп жатыр. Енді үлкен жылдамдықпен жүріп бара жатқан көліктің үстіне өз бетінше қона әрі ұша алатын дрондар пайда болып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Journal of Field Robotics мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дрон қонуы үшін автокөлікті тоқтатудың қажеті болмайды. Канададағы Шербурк университетінің ғалымдары осындай дрон (DART дроны) құрастырыпты. Бұл мүмкіндік не үшін керек? Әдетте дрон қуатталуы тиіс. Жылжымалы қуат көзі керек. Бұған автокөліктен артық құрылғы жоқ. Жоғары жылдамдық бұл тараптағы ең үлкен кедергі. Ауаның қарсылығына қарамастан дрон алға ылдилай алады, ал бұл жайт автокөлііктің төбесіне соғылу қатерін арттырады. Қонған күннің өзінде дрон аударылып қалуы ықтимал. Осындай кедергілерді ескерген ғалымдар оны еңсерудің жолдарын іздеді: шассидегі жеңіл фрикциялық амортизатор дронның кері итерілуіне жол бермейді, дәлірегі, қонған сәттегі соққы энергиясын өзіне тартып, жан-жағына таратады. Салмағы 2,5 келі тартатын квадрокоптер биіктіктен қозғалып бара жатқан автокөлікке тез төмендейді. Тік түсудің жоғары жылдамдығы қонуды неғұрлым тұрақты және желге аз тәуелді етеді. Ұшқышсыз ұшу аппараты автокөлік төбесіне қонар алдында бұрандаларын автокөлік төбесіне тигізбеуі үшін тангажды автоматты түрде тегістейді, ал барлық төрт аяғы соққыны біркелкі бөледі. Қонғаннан кейін DART сырғанамасы үшін тартылу бағытын бірден өзгертеді.