|
Дәрігерлер аяқтан өткен суықтың бірнеше ауруға жол ашатынын айтты
|
Кардифф Университетіндегі суық тию сырқатын зерттеу орталығының докторы Рон Экклес 25 жыл бойы аяққа суық тию неліктен тұмауға шалдығу қаупін ұлғайтатынын анықтады.
Көптеген адамдарда суық тию сырқатының тууына септесетін бактериялар бар. Алайда, аяқ температурасы төмендегенде тұмау түріндегі оның белгілері пайда болады.
Аяққа суық тигенде мұрындағы тамырлар тарылып, қанның келуі азаяды - осылайша жылудың тез жойылуының алдын алады. Алайда қанда инфекциямен күресетін иммундық жасушалар болады.
Аяққа суық тигенде, мұрын мен тамақтың шырышының қауіпсіздігі азаяды. Сондықтан аяқты жылы ұстаған жөн. Сонымен қатар мұрынды да ұмытпаған абзал. Мұрын үшін ең қауіпті температура - Цельсий бойынша 33 градус, деп хабарлады Meddaily порталы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай Интернет үшін міндетті цифрлық идентификаторды енгізді. Қытай неге азаматтарға «цифрлық бедел» енгізді
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Семіздік індеті корпорациялар үшін шайнамай жұтатын "майшелпекке" айналуда
■
Қорғаныс саласына арналған акциялар жартылай өткізгіштер акциясын басып озды