Дауыс биометриясын қолды болудан қорғайтын технология пайда болды
Дауыс биометриясын қолды болудан қорғайтын технология пайда болды
21 күн бұрын 403 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

IRI және VeinCV ғалымдары ашық дерек көздеріндегі аудиодан биометриялық мәліметтерді жинайтын автоматты жүйелерге кедергі келтіретін әдіс ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Interspeech 2025 халықаралық жиындағы аталмыш технология туралы мағлұматқа жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. AIRI, Мәскеу байланыс және ақпарат техникалық университетінің, Сбер және VeinCV ғалымдары ашық аудиофайлдардан рұқсатсыз дауыс биометриясын жинауды бұғаттау тәсілін әзірледі. Бірегей технология әмбебап бәсекелестік патчтарға (UAP) негізделген, яғни, бұл арада арнайы сандық түрлендіру технологиясы турасында сөз болып отыр, бұл технология жарияланғанға дейін аудиожазбаға қосылып үлгереді. Мұндай патч жеке дауыстық «іздердің» (speaker embeddings) иесін анықтайтын алгоритмдер үшін дауыстық биометрияны танымайтын етеді. Бұл ретте дыбысты биометрия ретінде қолданатын интернет пайдаланушының үнін адам үшін түсінікті және сөздің мағынасын ашудың, аударманың және кілт сөздерді іздеудің автоматты жүйелеріне жарамды болып қалады. Жаңа жоғалту функциясы қорғау мен сапа арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, бұрмалауларды азайтады. Мұндай әдіс кез келген ұзындықтағы аудио файлдарда жұмыс істей береді - қысқа фрагменттерден ұзын дәрістерге дейін қорғай алады. Ол көпшілікке, контент-мейкерлерге, оқытушыларға, сондай-ақ, оқыту және корпоративтік жазбаларды жариялайтын компанияларға ерекше маңызды технология. Қорғау функциясы дауыстың қайталанбайтын бірегейлігінің қолды болуына жол бермейді, бұған қоса, дипфейк жасауды және рұқсатсыз тұлғаны профилдеуді болдырмауға көмектеседі. Сонымен қатар, жаңа технология аудиоконтентті қорықпай бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл тараптағы зерттеу Роттердамдағы сөйлеммдер мен сөздерді өңдеу технологиясы жөніндегі әлемдік форумда - Interspeech 2025 халықаралық жиынында (Core-A рейтингісі) жарияланады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3