|
Дене жылуынан қуат алатын қолшам (ВИДЕО)
|
Росс Журавский атты инженер ойлап тапқан Lumen қолшамына ешқандай батареяның қажеті жоқ. Бір қызығы, ол адам денесінің қызуымен жұмыс істейді, деп хабарлады www.24.kz.
Құрылғының корпусы металдан құйылған және радиатор рөлін атқарады. Ал оның ішінде кернеу реттегіші, жарықты диод, ионистор мен жылудың электрлі генераторы бар, деп жазады newsru.com.
Құрылғы авторының айтуынша, қолшам қалыпты жұмыс істеу үшін оны пайдаланушы адамның дене қызуы мен қоршаған орта температурасының арасында 9 градус айырмашылық болуы керек. Сол себепті ауа температурасының Цельсий бағанасы бойынша 28 градус болғаны жөн. Өйткені адам денесінің қалыпты температурасы - 36,6 градус.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр