Денсаулық: Ұйқының не үшін қажет екенін білдіретін тағы бір себеп белгілі болды
Денсаулық: Ұйқының не үшін қажет екенін білдіретін тағы бір себеп белгілі болды
9 жыл бұрын 4471

Ұйқы кезінде мидың қыртысындағы улы заттар шайылатыны белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, адамның ояу кезінде жиналған бета-амилоидтік заттар шайылып кететін көрінеді. Бұл процес Рочестер университетінің нейрофизиологтар жүргізген зерттеу нәтижесінен белгілі болды. Мұндай процесс адамның арқа миындағы сұйықтық  ағынының күшеюінен орын алады – кір жуатын машина секілді, ұйқы кезінде ол шайылады, осылайша улы заттардан арылады екен. Аталмыш жаңалық өз кезегінде денсаулықты күтудің тетігі ретінде ұйқы режимін сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. Ғалымдар, сонымен қатар,  бұл жаңалықтың ми ауруларын зерттеу ісінде көп көмектесетінін алға тартып отыр.

 

Ұйқысыздық сусамырға ұрындырады

Бар-жоғы үш күн ұйқыңыз қанбаса, бұл өз кезегінде эндокриндік ауруларға апаратын «алғышарттарды» қалыптастырады екен. Зерттеу нәтижесіне қарағанда ұйқының қанбауынан адам ағзасындағы инсулин қан құрамындағы қант деңгейін реттей алмай қалады.

0 пікір
Мұрағат