ДНҚ бойынша фоторобот жасаудың жолы табылды
ДНҚ бойынша фоторобот жасаудың жолы табылды
1 ай бұрын 885 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары криминалистикада маңызы зор технологияны ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, қытай ғалымдары генетикалық деректер негізінде адам 3D бейнесін қалпына келтіре алған. Модел Difface деп аталады. Ол ДНҚ-ның жекелеген бөліктерін талдаудан өткізіп, оларды бет-әлпеттің сандық 3D-моделдерімен салыстырады. Алгоритм Қытай аумағындағы этникалық азшылықты құрайтын хан ұлтының өкілдерінен алынған 10 мыңға жуық генетикалық және үш өлшемді мәліметтер базасында оқытылды. Бірегей жүйе дәлдігімен ерекшеленеді. Адамның жанысы, дене салмағы және жасы туралы ақпараттарр нәтижені жақсартқан. Аталған зерттеуге атсалысқан Қытай ғылым академиясының мүшесі Луонани Шенның айтуынша, бұл өзгеше технология ДНҚ бойынша адамның бет-әлпетін қалпына келтіріп қоймай, сонымен қатар, адам жүзінің уақыт өтке келе қалай өзгеретінін де болжап бере алады. Қылмыскерді іздеп табу саласында кезінде саусақ ізін анықтау технологиясы қандай маңызды болса, бұл жаңалықтың маңызы одан кем түспейді.

Китайские ученые смогли воссоздавать фоторобот по ДНК / © Advanced Science 2025.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6