|
Дрон құсқа тән маневрмен және аңду қабілетімен жабдықталған (видео)
|
Гонконг университетінің инженерлері секундына 20 метрден асатын жылдамдықпен ұша алатын және қалыңдығы 2,5 миллиметр болатын кедергілерден айналып өтуге қабілетті, қауіпсіздігі мен жылдамдығы жоғары SUPER әуе роботын құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Robotics мерзімді басылымына сілтеме жасай отрып мәлім етеді. Айрықша робот электр желілері немесе бұталарға тек борттық сенсорлар мен есептеу қуаттарын пайдалана отырып соқтығысып ақлмайды. Бар болғаны 280 мм доңғалақ базасы және 1,5 келі ұшу салмағы бар ықшам құрылымға негізделген SUPER түнде қалың орман-тоғайда бағдарынан жаңылмауға және жіңішке сымдардан айналып өтуіне көмектесетін, дәлірегі, ерекше маневр жасауға мүмкіндік беретін қабілетке ие. Дербес ұша алатын робот ұшу кезінде құсқа тән қабілетін көрсете алады. Мұндай жетістік аппараттық және бағдарламалық жасақтамаларды күрделi жолмен біріктіруден тұрады. SUPER миллиметрге дейінгі дәлдікпен 70 метрге дейінгі қашықтан кедергілерді анықтауға қабілетті 3D-алыстан өлшегішті (LIDAR) пайдаланады. Бұл жылдамдықты оңтайландыру және ең жоғары деңгейдегі қауіпсіздік үшін ұшудың екі траекториясын жасайтын жетілдірілген жоспарлау жүйесімен үйлеседі. LIDAR деректерін тікелей бұлт нүктелері түрінде өңдеу есептеу уақытын едәуір қысқартады, тіпті, жоғары жылдамдықта да тез шешім қабылдауды қамтамасыз етеді. Тар жерде көзге көріне бермейтін жіңішке кедергілерді айналып өтуге және маневр жасауға негізделген технология өз кезегінде әрбір секундтың өзі адам өмірін құтаруда маңызды шешуші сәттерде құтқару және іздестіру жұмыстарын жеңілдетеді. SUPER түн қараңғылығында да жұмыс істей алады.