|
Дыбысты құлаққа құлаққапсыз нақты бағыттайтын әдіс пайда болды
|
Айналаңа кедергі келтірмей немесе жаныңдағы адамдардың мазасын алмай саз тыңдаудың әдісі пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көп ұзамай қандай да бір хабарды немесе сазды төңірегіңіздегілерді мазаламай құлаққапсыз тыңдаудың мүмкіндігі туады. Пенсилвания университетінің (Америка құрама штаттары) ғалымдары тың тәсілді ұсынып отыр. Нақты бір аудиторияға (тыңдарманға) аудиоақпарат ультрадыбыстық шоғырлармен беріледі, олардың қиылысу нүктелерінде өнертапқыштар «естілетін анклавтар» деп атаған аймақтар түзіледі. "Біз екі ультрадыбыстық түрлендіргішті белгілі бір нүктеде қиылысатын, өздігінен майысатын шоғырларды сәулелендіретін акустикалық мета бетімен үйлестіре қолданамыз. Осы нүктеде тұрған адам дыбысты естуі мүмкін, ал жанында тұрған кез келген адам оны ести алмайды. Бұл технология адамдар арасында дыбысты тек бір өзің тыңдауға мүмкіндік береді, яғни, өзгелерден дыбысты құпия ұстауға қажетті кедергіні тудырады ", - деп түсіндірді Инженерия колледжінің акустика профессоры Юн Жин. Метабет акустикалық линза рөлінде қолданылады. Яғни, ол ультрадыбыс сәулесін бағыттайды әрі бұрады. Либермор ұлттық зертханасында миллиметрлік немесе субмиллиметрлік микроқұрылым материалы 3D-принтерінде басылады. Автокөлік шуы басым көшеде болсын, бірнеше ондаған бала білім алатын мектеп сыныбында болсын, т.б. шуы көп ортада сынақтан сәтті өткен құрылғының айналасына кедергісі жоқ. Тек дыбыс бағытталған адам ести алатын аппарат ретінде алға шығады. Әзіргі бірегей жүйе тек бір метрден ғана аудиосигнал бере алады - 125–4000 Гц диапозонында 60 децибелшамасында дауыс зорайта алады. Бағытталған адамға. Осы орайда әуенді тыңдаушының құлағына тікелей жеткізетін құрылғының пайда болғанын да айта кетпекпіз. Daily Mail агенттігінің жазуынша, ешкімге кедергі келтірмей тыңдаушы тек бір өзі құлаққапты пайдаланбай әуеннен ләззат ала алады. Үстелге қойылатын кәдімгі динамик түріндегі құрылғы «персоналды дыбыс көпіршігін» тудырады немесе қалыптастырады. Израилдің Noveto фирмасы әзірлеген SoundBeamer 1.0 аппараты адам ести алмайтын жерден ультрадыбыс толқынын аулайды. Тыңдағысы келген адамға естілуі үшін үш өлшемді модул тыңдаушының тұрған жерін анықтап, әуенді бағыттайды. Адам қозғалса, әуен оның соңынан қалмайды. Бұл өзгеше технология әуен тыңдаудағы талғамы әр қилы кеңсе қызметкерлеріне жайлылық сыйлайды. Жанындағы әріптесіне кедергі келтірмейді.