Ел іші: Қарағандылық ғалымдар жаңа рентген қондырғысын ойлап тапты (видео)
Ел іші: Қарағандылық ғалымдар жаңа рентген қондырғысын ойлап тапты (видео)
8 жыл бұрын 4369

Қарағандылық ғалымдар жаңа рентген қондырғысын ойлап тапты. Заманауи аппараттың өзіндік ерекшелігі бар. Оны қолдану кезінде рентген сәулесін көруге болады екен. Яғни, сәулені тек қажет жерге қарай бағыттауға болады деген сөз. Ғалымдардың айтуынша, жаңа қондырғыны медицина, биология, өндіріспен қатар, зергерлік салада да қолдануға болады. Бағасы да баламалы аппараттан арзан. Құралды ойлап тапқан қарағандылық ғалымдар авторлық құқықтарын патенттеп алды. Енді оны қолданысқа енгізу үшін технологияларды коммерциализациялау орталығы грант бөліп отыр. Тың жобаны қазақстандық және халықаралық нарыққа шығару жолдары да жан-жақты қаралып жатыр. Олег Правдин, жоба әзірлеушісі: - Біз бұл қондырғыны адамның ауыз қуысын түсіру үшін қолданбақпыз. Бұл тәсілді қолдану барысында адамның миы мен қалқанша безіне зақым келтірілмейді.

 

 

 

Кітаптардың бәрі электронды оқулыққа көшеді 

Ұлттық кітапханада отандық автоматтандырылған ақпараттық Web-рабис жүйесінің тұсаукесері өтті. 3 жыл бойы әзірленген бұл бағдарлама 723 кітапхананы бірыңғай компьютерлік желіге біріктіреді. Веб-рабис бағдарламасы кітапхана ісін автоматтындырып қана қоймай, ақпаратты жедел іздестіру мен оқырманның уақытын тиімді жұмсауға септігін тигізеді. Веб-рабистің мүмкіндіктері кең, оқырмандарға жер шарының кез келген нүктесінен аудио мен бейне қосымшаларымен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

"Ғаламтордағы қосымшалардың басым бөлігі заманауи үлгіде жасалады. Мұндай жүйе Орта Азияда жоқ. Тіпті Ресейде оқырмандарға ыңғайлы, тиімді жүйе жасақталмаған. Кітапхана ісіне қажетті барлық қосымшалар мен жаңашылдықты қолдандық. Бұл кітапхана ісін жеңілдетеді",- деді ҚР Ұлттық кітапханасы автоматизация бөлімінің маманы Еркін САПАРҒАЛИЕВ.

Осы уақыт ішінде Ұлттық кітапханада 3 миллионнан астам биографиялық мәліметтер қоры жинақталған. Бұдан өзге, онда толық мәтіндегі ақпаратты 516 гбайтта сақтайтын контент құрылыпты. Айта кетейік, веб рабистің интерфейсі қарапайымәрі қолдануға өте ыңғайлы. Оған бес модуль кіреді. Атап айтқанда, «Кітап қорын толықтыру», «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» және «Оқырмандарды тіркеу».

 

0 пікір
Мұрағат