|
Ем-домға бой бермейтін обыр түрімен күресуде маңызды қадам жасалды
|
Жапонияның Окайама және Тохоку университеттерінің ғалымдары өзінің берік (ештеңе өткізбейтін) қорғаныш ортасымен белгілі ұйқы безі обырын емдеудің жаңа тәсілін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Small мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеуде анықталғандай, коллагеннің сигнал жолы бұғатталса, дәрі ісік тініне еш қиындықсыз енген. Бұл арада коллагеннен белсенділігі оянатын DDR1 рецепторының негізгі рөл атқаратыны турасында сөз болып отыр. Бұрын коллагенді негізінен дәрілік заттардың обыр жасушаларына жетуіне кедергі келтіретін «физикалық қабырға» ретінде қарастырған. Алайда, ол, сондай-ақ, фиброзды күшейтетін және ісік ортасын одан ары тығыздайтын дабыл каскадын іске қосады. DDR1 рецептрының белсенділігін басу арқылы фиброзды төмендетуге болады және ісікті антиденелер мен наножасушаларды қоса алғанда, макромолекулярлық дәрілер үшін өткізу қабілеті жоғары ортаға айналдырады. Ғалымдар атап өткендей, бұл зерттеу фиброздың онкологиядағы рөлі туралы осы уақытқа дейін қалыптасқан ұғым-түсінікті өзгертеді және емдеудің жаңа біріктірілген стратегияларына жол ашады. Болашақта бұл тәсіл асқазан асты безі обырында ғана емес, сондай-ақ, тіннің тығыздығынан дәрілердің әсерін төмендететін басқа да ауруларда ем-домның тиімділігін арттыра алады.