|
Ерлерді қатерлі ісікке шалдықтыратын жаңа фактор анықталды
|
Ерлер есейіп, ересек тартқан сайын жасушасының бір бөлігіндегі Y-хромосомасынан айырылады. Бұл өзгеріс өз кезегінде қатерлі ісіктің иммундық жүйеден құтылып кетуіне әрі көбеюіне жол ашады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ерлердің әр жасушасында Х және Ү-жыныстық хромосома болады. Алайда, өмір өте келе Ү-хромосомасынан айырылады. Бұл хромосоманың жоғалуынан тек обыр жасушалары өсіп-өніп қоймай, сонымен қатар, жүрек және Альцгеймер ауруларына шалдығу қатерін арттырады. Бұл құбылыс (Ү-хромосоманың жоғалуы) барлық жасуша түрлерінде кездеседі, соның ішінде қан жасушаларында да орын алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Құлдық индексі, бала сату және «алтын үшбұрыш»: Қазақстанның адам саудасымен күресі
■
Қазақстан Орталық Азияда тағы бір саланың тұңғыштар тізімін толықтырды