Физиктер адам басынан жарықты өткізудің жолын тапты
Физиктер адам басынан жарықты өткізудің жолын тапты
5 ай бұрын 940 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бас сүйек пен ми тінінен жарықтың өту фактісі аса маңызды ғылыми жетістік саналады. Бұл жайында islam.kz порталы Neurophotonics мерзімді басылымының маусым айындағы санына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Глазго университетінің ғалымдары адам бас сүйегінен жарықты өткізу әдісін тапты. Бұл арада жақын маңнан инфрақызыл лазерді қолдану турасында сөз болып отыр: осылайша алып жүруге қолайсыз үлкен МРТ (магнитті- резонанстық томография) аппаратына инвазивті емес және портативті балама болуы мүмкін технология, яғни, қолайсыздау технологияны қолайлы технология алмастырады. Стандартты магнитті-резонансты томографиядан айырмашылығы - жаңа тәсіл шағын жүйелердің көмегімен миға «үңілуге» мүмкіндік береді. Бұл технология көшпелі медицина мен далалық диагностика үшін ерекше маңызды. Яғни, шалғай жерлердегі науқастар үшін маңызды. Бірегей технология қалай жұмыс істейді? TCSPC (Time-Correlated Single Photon Counting, немесе жалғыз-дара фотондарды корреляциялық жолмен есептеу әдісі) - фотондар қандай да бір ортадан мейлінше жоғары дәлдікпен өтетін уақытты өлшеу әдісі. Ол көбінесе ғылыми тәжірибелерде, мәселен, оптикада, биофизикада немесе кванттық зерттеулерде маталар немесе материалдар арқылы жарық қозғалысы сияқты жылдам жүретін процестерді зерттеу үшін пайдаланылады. Ғалымдар адамның басына инфрақызыл лазерді бағыттаған екен: жарық кездейсоқ таралып қана қоймай, оптикалық жолдарды таңдағанына көз жеткізген – мұндай технология өз кезегінде бастың орналасу жағдайына және жарықтың қай бұрыштан түсетініне қарамастан ми құрылымының нақты бейнелерін алуға мүмкіндік береді. Осылайша нейровизуалда теңдесі жоқ технология пайда болып отыр. Дегенмен, бұл технологияның да кем-кетігі бар: тәжірибеге қатысқан сегіз адамның тек біреуінде ғана жақсы нәтиже берген. Терісі ақ, шашы жоқ ер адамда ғана нақты бейнені алған. Осыған байланысты ғалымдар технологияны қандай да бір шектеулі күйінде қалдырмай, кеңінен қолдануға келетіндей етіп жетілдірмек. Осындай кем-кетігіне қарамастан бұл аса маңызды жаңалық еді. Жарықтың бас сүйек пен ми тінінен өтуінің өзі – орасан зор жетістік. Мұндай технологияның адамға зияны жоғы дәлелденген.

0 пікір
Мұрағат