Ғалымдар 90 мыңдай адам өмірін жалмаған елеусіз аурудың бар екендігін жария етті
Ғалымдар 90 мыңдай адам өмірін жалмаған елеусіз аурудың бар екендігін жария етті
10 жыл бұрын 4022 ҚазАқпарат

Әлемде жыл сайын 90 мыңдай адам мелиоидоз атты елеусіз ауруға шалдығып қайтыс болады екен. Бұл туралы АҚШ-тың Оксфорд және Вашингтон университеттері ғалымдарының зерттеуінде көрсетілген, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.  

Ғалымдардың баяндамасы бүгін Nature Microbiology журналында жарық көрді. Ғалымдардың есептеуінше, 2015 жылы әлемде мелиоидозбен 165 мың адам ауырып, соның 89 мыңы қайтыс болған.
Бұл дерт - жылына 95 мың адам өмірін жалмайтын қызылша секілді өте қауіпті. Салыстырсақ, Денге безгегінен жылына 12,5 мың адам қайтыс болады.

Бұл ауру Уитмор деп те аталады, ол сепсис түрінде ағзаға жайылып түрлі органдарды қабындырады. Бұрын ғалымдар дертті Оңтүстік-Шығыс Азияда және Австралияның солтүстігінде ғана кездеседі деп есептеп келген. Алайда соңғы деректерде сырқат Оңтүстік және Орталық Америкада, Африка, Таяу Шығыста ұшырасатыны белгілі болып отыр. 

Ауруды басқа бактериальдық сырқаттардан айыру қиынға соғады. Бұл дертке шалдыққандардың 70 пайызға жуығы көз жұмады. 

0 пікір
Мұрағат