Ғалымдар алжуға қарсы орасан зор жетістікке жетті
Ғалымдар алжуға қарсы орасан зор жетістікке жетті
2 ай бұрын 826 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Гарвард университетінің медицина мектебінің білікті мамандары жетекшілік еткен халықаралық ғалымдар тобы Алцгеймер ауруымен күресте аса тиімді әдісті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тышқандарға жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, оратата литияның (лития мен орота қышқылынан тұратын химиялық тұз) азғантай мөлшерінің өзі жоғалған естеліктерді қалпына келтірген әрі қабынуды тоқтатып, нейрондар жұмысын жақсартқан. Мидағы литияның тапшылығы нейродегенеративті процестің ерте кезеңімен байланысты, яғни, нейрондар қызметіндегі ақауды тудырады. Лития жүйке талшықтарының саулығын қамтамасыз ететін табиғи элемент ретінде алға шығады. Бұдан бөлек, мида амилоидті түйіршектер мен патологиялық, яғни, ауруға бастайтын тау ақуыздардың жинақталуына жол бермейді, сондай-ақ, микроглия жасушаларының қызметін жақсартып, миды тазартады. Литий орататы дәрісі миға жеңіл енеді және әдеттегі лития карбонатымен салыстырғанда уыттылығы аз. Есте сақтау қабілетінен айырылған кеміргіштерді сынау барысында когнитивтік функциялардың толық дерлік қалпына келген. Әзірге тек жануарларға сынақ жүргізілгендіктен дәрінің тиімділігі мен кері әсерінің жоқтығын тексеру үшін ауқымды зерттеулер жүргізіледі. Осы орайда бүгінгі таңда күллі әлем бойынша 55 млн-дай адамның алжу ауруына шалдыққанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат