Ғалымдар ауруды нейрон арқылы басудың жолын тапты
Ғалымдар ауруды нейрон арқылы басудың жолын тапты
1 ай бұрын 788 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Mike Segar / Reuters

Пенсилвания университетінің ғалымдары науқастарды созылмалы ауырсынудан құтқаратын нейронды тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ғылыми, мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш америкалық жоғары оқу орнының ғалымдары бұл бағытта кеміргіштерге жүргізілген тәжірибе барысында көпке дейін басылмайтын ауырсынудың бастапқы кезеңінен кейін белсенділігі оянатын нейрондарды тапты. Осы нейрондарды бғаттағаннан соң тышқандар тек аз уақытқа созылған ауырсынудан кейін тынышталған, яғни, ауырсынуы басылған. Сондай-ақ, тышқандардың бойында ауырсыну сезімдерін басудың туабітті тетігі бар екені анықталды - мысалы, ұзақ уақытқа созылған аштықтан кейін іске қосылатын бірегей химиялық реакция іске қосылады. Зерттеушілердің пікірінше, олардың зерттеу нәтижелері расталған жағдайда созылмалы ауруларды емдеудің жаңа әдістері әзірленуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат