|
Ғалымдар кішкене балалар фаст-фуд тағамдарын мүлде жеуіне болмайтынын дәлелдеп шықты
|
Фаст-фуд ешқашан пайдалы болмаған, сондықтан оны шамадан тыс көп тұтыну емделуі қиын ауруларға соқтыруы мүмкін. Ғалымдар балалардың фаст-фудты көп жеуі олардың сүйек тінінің дамып-жетілуін тежейтінін анықтады, деп жазады planet-today.ru.
Ұлыбританияда жүргізілген зерттеу барысында кішкентай балалардың тағамның бұл түрін мүлде жеуіне болмайтыны дәлелденді. Зерттеуге мыңнан аса кішкене бала қатысты. Фаст-фудты жиі тұтынатын балалар мен оны аз жейтін немесе мүлде жемейтін балалардың сүйек тіні салыстырылды, нәтижесінде соңғыларының сүйек тініндегі минералды заттардың тығыздығы анағұрлым жоғары екені анықталды.
Сүйек тіні кенже жетілген балалар сау балаларға қарағанда әлдеқайда әлжуаз, тез шаршағыш келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр