Ғалымдар қай мерзімде босану керектігін айтты
Ғалымдар қай мерзімде босану керектігін айтты
10 жыл бұрын 8463 islam.kz

Тұңғыш баланы дүниеге әкелу мен оны емізудің және әйелдің өмір сүру ұзақтығының арасында өзара тығыз байланыс барын анықтады ғалымдар. Ғалымдар әлемнің 10 елінен 320 мығнан аса әйелді бақылап, зерттеу жүргізді. Ғалымдардың тұжырымы бойынша бала тапқан және оны емізген әйелдің мұндай мүмкіндікке ие болмаған ақ жаулықтыларға қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін анықтап отыр. Егер әйел 26-30 жас аралығында перзент сүйсе, олардың өмір сүру ұзақтығы әлдеқайда артатынын да анықтаған болатын. Ғалымдар зерттеуге қатысқан әйелдерді 12,9 жыл бойы қадағалаған екен. Ғалымдар осы бағыттағы зерттеуді әйелдер шамамен елуге келгенде бастаған. Зерттеу мерзімі аралығында 14,3 мыңнан аса әйел дүние салған. Олардың алты мыңдайы ісіктен көз жұмса, 2,4 мыңға жуығы жүрек-қан тамырлары ауруынан дүниеден озған. Сондай-ақ, перзент сүйген әйелдердің 20 пайызында жастай өмірден озу қатері аз болған. 26-30 жас аралығында босанғандар арасында жастай өмірден озу қатері 28 пайызға кем болған.

0 пікір
Мұрағат