|
Ғалымдар қолға ұсталатын голограмма жасап шығарды (видео)
|
Жапон өнертапқыштары қолдың ұшын тигізгенде сезілетін голограмма жасап шығарды. Мұндай үш өлшемді виртуалды заттар - ғылым саласы үшін бұрын-соңды болмаған жаңалық. Физиктер бұл үшін арнайы лазер технологиясын пайдаланып, оны «cиқырлы жалын» деп атаған. Бұл технология жоғары жиіліктегі лазер импульстерін таратады. Бір қызығы, оның әрбірі бір миллиард секундтың тек бір миллион бөлігіндей ғана уақыт өмір сүреді екен. Бұл - тіршіліктің ең қысқа бөлігі. Ал адам оған саусақ ұшын тигізген кезде голограмма ыдырап кетеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңашылдықты ойын-сауықпен қатар, медицина мен архитектура саласында пайдалануға болады, деп жазады planet-today.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Биоинженерлер кәрі жасушаларды жасартудың жолын тапты
■
Банк туралы заң жобасынан ислам ипотекасына жол ашатын норма түсіп қалған — Ләззат Ибрагимова
■
Араб елінің қолөнері мұхит асып жатыр
■
Жарылғыш көпіршіктермен іске қосатын микроботтар жасалды (видео)