Глюкозаның дұрыс сіңуіне не кедергі келтіретіні белгілі болды
Глюкозаның дұрыс сіңуіне не кедергі келтіретіні белгілі болды
3 жыл бұрын 2808 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Семіздіктен зардап шегетін немесе екінші типтегі қант жиабетінен зардап шегетін тышқан организімі зат алмасу процесі баяу жүретін дені сау жануарларға қарағанда басқаша қорытаны анықталды. Былайша айтқанда, артық салмақ жасушаның глюкозаға реакциясын өзгертіп жібереді. Бұл жайында islam.kz порталы осы бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Science Signaling мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Астан соң немес тәтті сусын ішкеннен кейін инсулин глюкоза молекулаларының қаннан жасушаға өтуіне мүмкіндік беретін процесті іске қосады, дәлірегі, жасушаларды белсендіреді. Онда глюкоза ыдырап, энергияға айналады. Екінші типтегі сусамырдан зардап шегетін науқастың жасушалары инсулинге сезімтал болмайтындықтан глюкоза қан құрамында қалып, қан құрамындағы қанттың деңгейін көтеріп жібереді. Бұл процесс гипергликемия деп аталады – яғни, қан құрамындағы глюкозаның көбеюін білдіретін клиникалық симптом. Бұл өз кезегінде сусамырдан зардап шегетін науқастың кеселін асқындырады. Жапон ғалымдары аузы тамақтан босамайтындықтан сусамыр дертіне шалдыққан генетикалық тұрғыдан модификацияланған кеміргіш пен дені сау тышқан жасушаларындағы сигналды жолдарды салыстырып көрген екен. Екеуіне де тәтті су ішкізіп, біршама уақыттан соң олардың қан үлгісі мен бауыр жасушасын (адам мен тышқанның глюкоза метаболизмі жүзеге асатын негізгі орын) алып, зерделейді. Ғалымдар глюкозаға жауап қату кезінде өзгеретін молекулаларды сәйкестендіруге (яғни, ұқсасын табу арқылы салыстыру) септігін тигізетін тәжірибелерді, сондай-ақ, нәтижені өңдеуге арналған танс-омдық тәсілді пайдаланған болатын. Аталмыш тәсілде көптеген молекулярлық процестерді бірыңғай желіде сәйкестендіру үшін гендік (транскриптомика) және метаболит (метаболомика) деректерін біріктіріледі. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Жүйелі биология зертханасының басқаратын профессор  Синия Курода (Shinya Kuroda) Токио университетінің баспасөз мәслихатында сау адам мен сусамырдан зардап шегетін науқастың сигналды жолдарының жер мен көктей айырмашылығы болатынын алға тартты. Ондаға жылдарға созылған бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ферменттер мен метаболитті қамтитын көптеген сигналды жолдар глюкоза жасуша ішіне енгеннен кейін белсенділік танытатын болып шықты. Транс-омдық тәсіл ғалымдарға жасушаның глюкозаға қалай реакция танытатынын көрсетіп берді. Ғалымдар инсулин сигналдарын беру туралы ақпаратты, транскрипция (гендердің белсенділігін реттейтін ақуыз түрлері) факторлары туралы деректі, ферменттер, метаболилік реакциялар, т.б. туралы мәліметтерді қамтыған транс-омдық картаны жасай алды. Дені сау тышқандардың организмі ферменттер мен метаболитті пайдалана отырып, глюкозаға тез жауап қатқан – шамамен бір сағаттың ішінде қан құрамындағы қанттың деңгейі қалыпқа келген.

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат