|
Халал туризм туралы алғашқы терминдер сөздігі жарық көрді
|
Халал туризм саласындағы CrescentRating консалтингтік агенттік әлемде тұңғыш рет шариғат талаптарына сай келетін туризмге қатысты терминдер сөздігін шығарды. «Халал туризм феноменін мойындау осы саланың Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер мен одан тысқары жерлерде дамуына серпін беріп отыр»,- деді аталмыш агенттіктің директоры Фазал Бахардин. Осылай дей келе ол бұл жоба қажеттіліктен қолға алынғанын тілге тиек етті. CrescentRating сарапшыларының айтуынша, өздері дайындаған бұл сөздік халал туризм нарығының талаптарына толық жауап береді. Ағылшын тілінде жарық көрген бұл сөздікте 150-ден аса термин қамтылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)