Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратынн бірегей әдіс пайда болды
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратынн бірегей әдіс пайда болды
1 сағат бұрын 29 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның Кумамото университетінің ғалымдары инсулинді иньекция арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын, дәлірегі, таблетка күйінде қабылдауға мүмкіндік беретін әдісті ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Molecular Pharmaceutics және Science News мерзімді басылымдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инсулинді организмге енгізу үшін ине шаншу процедурасын сусамыр дертінен зардап шегетін науқастар күніне бірнеше рет қайталайды. Ал жапон ғалымдарының тәсілі бойынша арнайы пептид арқылы инсулинді ішектен тиімді жолмен өткізуге болады. Бұл жаңалық өз кезегінде сусамыр дертінің (қант диабеті) ем-домын жаңа белеске көтереді. Негізі мұндай идея (инсулинді ине арқылы емес, таблетке күйінде қабылдау) осыдан бір ғасыр бұрын айтылған. Алайда, оны енді жүзеге асырудың орайы келген. Осы орайда оқырмандарға түсінікті болу үшін науқстар инсулинді осы уақытқа дейін неге ішпей келгені турасында аз-кем ақпарат бере кетеміз. Ауыз арқылы инсулинді қабылдау тиімсіз болатын – адам органимзімі күрделі келгендіктен. Асқазанға түскенімен аталмыш гормонды ферменттер тез ыдырататын, ал ішектің қалың қабаты қанға өткізбейтін. Бұл тарапта Синго Ито есімді күншығыс елінің профессоры бастаған ғалымдар тобы стандартты емес тәсілді ұсынды. Олар инсулинді жұқа ішек қабырғасы арқылы «өткізуге» қабілетті ерекше циклдік пептид әзірледі. DNP-пептид деп аталатын бұл молекула көлік жүйесінің рөлін атқарады, дәріні ішке қабылдағаннан кейін қан айналымына түсуге мүмкіндік береді. Инсулинді жеткізудің екі тәсілі туралы да айта кету керек. Дәлірегі, ғалымдар жаңа технологияны қолданудың екі нұсқасын сынақтан өткізді. Біріншісінде инсулинді түрлендірілген пептидпен араластырды. Мұндай құрам ауызбен қабылдау кезінде диабеттің зертханалық үлгілеріндегі қандағы қанттың деңгейін тез төмендетеді және әсері күніне бір рет қана сақталды. Екінші нұсқада пептид инсулин молекуласына химиялық деңгейде «бекітілді». Нәтижесі салыстырмалы болып шықты: глюкоза деңгейі де тиімді төмендеді - бұл әдіс пептидтің тасымалдаушы ретіндегі рөлін растады. Ал бұрынғы ине арқылы қолданылатын инсулинді қабылдау тәсілінің ең басты қиындығы – он есе көп мөлшерде организмге енгізу қажеттілігіне барып тірелетін. Ал жаңа технология әлдеқайда тиімді: дәрінің діттеген жерге жету деңгейі 33–41% аралығында.

Ұқсас материал:

Сусамырмен ауыратындардың инсулин үшін өзіне ине шаншу машақатынан құтылатын күнге алыс қалған жоқ

Инсулинге тәуелді сусамырдан құтқаруы мүмкін жаңалық. Ғалымдар инсулинді істеп шығаратын жасуша жасады

0 пікір
Мұрағат