Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды
Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды
4 жыл бұрын 7425 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Лондондағы королдік колледждің психиатрия институтының ғалымдары жалғыздықтың күйзеліс (депрессия) секілді өзге де факторларға қарамастан екінші типтегі сусамырмен байланысы барын анықтады. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибеге Ұлыбританияда ұдайы тұратын, жасы 50-ден асқан адамдар қатысқан екен. Ғалымдар жалғыздық деңгейін Лос-Анджелестегі Калифорния университеті ұсынған үш балды шкала бойынша бағалады. Аталмыш тәжірибеге қатысқандарға: «Жалғыздықты жиі сезінесіз бе, шүйіркелесуге не кедергі?» деген сауалға жауап берді. «Ешуақытта/ешуақытта» жауабы (1 балл), «кейде» жауабы (2 балл) және «ұдайы» жауабы (3 балл). Осылайша жалғыздық деңгейіне қарай тұжырым жасалды: балл 3-ші нұсқаға неғұрлым жақындаса,  адам соғұрлым жалғыз. Сондай-ақ, олардың күйзеліске бой алдырғаны немесе алдырмағаны да назар аударылды. Аталмыш тәжірибеге қатысқан 4112 адамның 264-і (6,42%) соңғы он жыл ішінде екінші типтегі диабетке шалдыққан. Сусамыр дертіне шалдыққандардан орташа есеппен айтарлықтай жалғыздықты сезінетіні белгілі болды - (1,42 балла), осылайша жалғызілікті адамдардың диабетке шалдығу қатері 42%-ды құраған екен. Жалғыздықтың жүрек-қан тамыр ауруларына, қан қысымы, артық салмақ (дене массасының индексі), гликозилирлік гемоблобин, организмнің зат алмасуы (метаболизм), шылым шегу, ішімдікке салыну, қаржылық жағдай, ұлтына (этникалық ерекшелігі), жынысына, жұмысына, жасына, саламатты өмір салтын ұстанбау, т.б. толып жатқан факторларға қарағанда сусамырға шалдықтыру қатері жоғары болып шыққан. Алайда, әлеуметтік оқшаулану екінші типтегі диабеттің дамуына айтарлықтай әсерін тигізбеген.

(ықшамдалып алынды – ред.)

0 пікір
Мұрағат