Жаңа материал жасыл энергия құнын 40% -ға төмендетеді
Жаңа материал жасыл энергия құнын 40% -ға төмендетеді
2 ай бұрын 798 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Көмір, мұнай секілді қазба отын осы күнгі өмірдің негізгі ресурсы. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) келтірген дерекке қарағанда, жыл сайын жеті млн-ға тарта адам ластанған ауадан бақилық болады. Бұл жайында islam.kz порталы интернет мәлімет көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылынуға  себеп болып отырған қазба отынды қоршаған залалы аз жаңғыртпалы энергия көздері (күн,, жел, су энергиясы) алмастыруы тиіс, алайда, климаттың қолайсыздығы мен қыбамтқа түсетіні және табиғатта сирек кездесетін материалдардың тапшылығы қолбайлау болып отыр. Десе де сутегі мен табиғи газды зиянсыз жолмен электрге айналдыру жүйесі қандай да қолайсыз ауа райындажәне тәулік бойы жұмыс істейді. Алайда, оны жаппай қолданысқа енгізуге осы технологияда қолданылатын арнайы химиялық ұнтақтың қымбаттығы кедергі келтіреді. Перм политехникалық жоғарғы оқу орындарының ғалымдары жасыл энергияны арзандатуға мүмкіндік беретін, яғни, өндірістің құнын 40%-ға дейін төмендететін жаңа материал ойлап тапты. Осы орайда адамзаттың барлығы дерлік (99%) ауадағы зиянды қоспалардың әсеріне сөзсіз ұшырайды. Ал мұндай залалды бөлшектердің ауадағы шоғырлану деңгейі қалыпты мөлшерінен әлдеқашан асып кеткен. Қазбалы отын энергетикасы жаһандық жылынуды күшейтеді, дәлірегі, оның атмосферадағы көмірқышқыл газының әлемдік үлесі - 73%-ға жеткен. Экологиялық энергия атмосфераның ластануына байланысты респираторлық (тыныс алу жолдары) және жүрек-қан тамыры ауруларын 1/4-іне дейін азайтуы мүмкін. Сонымен бiрге, мұндай технологияларды жоғары құнына, ауа райына тәуелдi болуына байланысты және күрделi инфрақұрылым құру қажеттiлiгiнен нақты жүзеге асыру қиындық тудырады. Есесіне баламалы бағыт ретінде сутегі энергетикасың таңдауға болады – жанар-жағармай, көмір және газды сутегімен алмастыратын инновациялық тәсіл, оны жағу немесе қайта құру кезінде тек су ғана бөлінеді (CO ₂ және өзге де зиянды қалдық бөлмейді). Бұл әдісті іске асыру үшін арнайы құрылғылар - қатты оксидті отын элементтері сутегі энергиясының 70% -ын жылу түрінде 30% -ын ғана жоғалтып, тікелей электр энергиясына айналдырады. Салыстыру үшін алсақ, жанар-жағармаймен жұмыс істейтін қозғалтқыштар отын энергиясының 25-30% -ын ғана пайдаланады (70-75% -ын жоғалтады), ал көмір электр стансалары - 35-40%. Біз сөз етіп отырған тәсіл бойынша жұмыс істейтін жүйенің пайдалы әсер коэффициенті 60-70%-ке жететінін айта кету керек. Мұндай құрылғының негізін негізгі компоненті - арнайы ұнтақ негізіндегі электролиті бар көп қабатты керамика құрайды. Оның қасиеттері жүйенің жұмыс қабілеттілігін тікелей анықтайды. Сапасыз құрам үш негізгі проблемаға әкеледі. Біріншіден, оттегі иондарының өткізгіштігінің нашарлығы ток генерациясынсыз қызып кетуге әкеледі (сол сияқты, толтырылған құбыр арқылы суды айдауға тырысу - сорғы жұмыс істейді, ал су ағып кетпейді). Екіншіден, егер құрылым дұрыс таңдалмаса, керамика температураның өзгеруінен жарылады. Үшіншіден, заттың құрамындағы кемшіліктердің орнын толтыру үшін қымбат материалдарды (мысалы, платинаны) пайдалану қажеттілігін тудыратындықтан оның құнын күрт арттырады. Ұнтақ сапасы - отын элементін тиімді энергия көзіне немесе пайдасыз блокқа айналдыратын негізгі фактор. «Біз табиғатта сирек кездесетін металдар - самарий, иттрий, неодим және гадолиний қосылған церий диоксиді негізінде жаңа көп компонентті құрам әзірледік. Оны өндіру үшін глицин-нитратты әдіс қолданылды. Ол салыстырмалы түрде қарапайым келеді және арзанға түседі. Бұл тараптағы тәжірибе барысында біз материалдың үш түрін алдық - олардың әрқайсысы кристалды құрылымын сақтап, жоғары кеуектілікке ие болды. Бұл ерекшелік экологиялық таза электр генераторларында қолданудың негізгі қасиеті ретінде алға шығады. Тіпті, төрт қоспасы бар ең күрделі нұсқа да тұрақты болып шықты - ықшам және тиімді энергия қондырғыларын жасауға мүмкіндік береді», деп түсіндірді Перм политехникасының «Химия және биотехнология» кафедрасының ассистенті Никита Фаустов. Қазіргі уақытта жаңа буынның отын элементтерін өндіру құны бір кВт үшін шамамен 5000 долларды құрайды. Ал бұл көрсеткіш әдеттегі генераторларға қарағанда 2-3 есе жоғары. Негізгі өндіруші компаниялар Жапонияда, Америка құрама штаттарында, Германияда шоғырланған. Перм политехникалық мамандарының тобы ойлап тапқан жаңа технология бұл құнды 30-40% -ға төмендете алады.

0 пікір
Мұрағат