Жаңа технология ми жасушаларын нанометрлік дәлдікпен көруге мүмкіндік береді – видео
|

Нейрондық байланыстардың құпиясын ашудың жаңа әдісі нейро ғылым саласында арзан және егжей-тегжейлі зерттеулерге жол ашуда. Бұл жайында islam.kz порталы Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ми құрылымының құпиясын ашу – нейро ғылымдағы ең қиын міндеттердің бірі. Бір текше миллиметр ми тінінде мыңдаған микроскопиялық нейрондар мен олардың арасында миллиондаған байланыстар бар. Алайда, бұл тараптағы жаңа зерттеуде Австрия ғылым және технологиялар институтының ғалымдары инновайциялық әдіс ұсынып отыр. Әлі күнге дейін ғалымдар синапстарды зерттеп келеді, яғни, мидағы тіндерді кесіп, оларды электронды микроскоптармен зерттейді. Бұл әдіс қымбат және әр нейронның қайталанбас молекулалық компоненттерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ғалымдар «экпансионды микроскопия» деп аталатын бірегей техникаға жүгінді: мұнда тіннің үлгісі желе тәрізді материалға орналастырылады. Су қосылғанда, бұл гидрогел барлық жағынан ісініп, жасушалық құрылымының пішінін ұлғайтады, сонымен қатар, олардың бір-біріне қатысты орналасу ретін сақтап қалады. Зерттеу тобы жаңа гидрогел формулаларын әзірледі: ол тышқан миының тін құрылымдарын дәл пропорцияларда сақтап, шамамен 16 есе үлкейтуге мүмкіндік берді. Ғалымдар нейрондардың барлық ақуызын және нейрондар қарым-қатынас үшін пайдаланатын арнайы молекулаларды белгілеу үшін флуоресцентті бояуды қолданды. Содан кейін олар тышқан миының қабығының учаскесінің 3D-архитектурасын қайта құру үшін терең оқу алгоритмдерін қолданды. «Жарық микроскопиясына негізделген коннектомика» деп аталатын жаңа әдіс 20 нанометрге дейін мәліметтер алуға мүмкіндік береді.





