|
Жаңа вирус табылды
|
Австралияда мекендейтін ірі жарғанаттардың бойынан жаңа патоген анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы The Telegraph мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салт-Гүллі (Salt Gully) деген атау берілген вирус Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан «пандемия тудырауы мүмкін қауіпті патогендер» санатына жатқызған Nipah және Hendra вирустарына ұқсас. Дегенмен, бұл вирус Nipah және Hendra секілді жасушалық рецептордан ада (былайша айтқанда, адам мен жануарлар жасушаларына енуіне қажетті «құлып және кілт» деп аталатын рецептор турасында сөз болып отыр бұл арада – ред.) Қазіргі уақытта аталмыш вирустың адамға жұққаны анықталған емес. Австралияның ұлттық ғылыми агенттігінің ғалымдары бұл вирустың алдағы уақытта жұқпалы індетті тарату қаупі туралы нақты кесіп-пішіп айта алмай отыр.