|
Жарақатты теріде тыртық қалдырмай емдеу жолы табылды
|
Әлемге әйгілі Гарвард университетінің ғалымдары (Америка құрама штаттары) зақымдалған теріні толық жазатын немесе із қалдырмай қалпына келтіретін тетікті белсендірудің жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тәсіл терінің кесілген немесе жарақат түскен жерінде тыртықтың пайда болуына жол бермейді. Негізінде тері организмдегі ең үлкен ағза ретінде белгілі әрі сыртқы факторларға көп ұшырайтындықтан жарақат алу қатері жоғары ағза. Соған қарамастан тері жарақттан кейін қалпына келетін ағза ретінде белгілі. Алайда, жарақаттың ізі бәрібір қалып қояды. Қатты зақымдалған жағдайда. Зақымдалған эпидермистің (қорғаныш қызметін атқаратын және жасушалардың бірнеше қабатынан тұратын терінің сыртқы қабаты) созылатын қасиеті бар, алайда, оның астында тығыз коллагеннен тыртық тін қалады. Бұл ретте түк фолликулдары, май және тері бездері, жүйке ұштары және басқа да маңызды құрылымдар регенерацияланбайды, яғни, қайта қалпына келмейді. Гарвардтық ғалымдар адам өмірге келгеннен кейін теріде биологиялық «тежегіш» қосылатынын анықтады. Бұл тараптағы кеміргіштерге жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, осы “тежегіш”блокты алып тастағаннан кейін ғалымдар тышқандардың жарақаты із қалдармай жазылатынына көз жеткізген, ол ол ма, жасушалардың барлық түрлері қалпына келген. Америкалық ғаалымдар үш күннен және кейін бес күннен кейін өмірге келген тышқандардың жарақаттарын салыстырып көрді. Эмбриондық жаралар тез жақсы жазылды және ізі қалмады. Ал бес күннен кейін өмірге келген тышқандарда жарақаттың жазылу мерзімі ұзарған және жарақаттың орны тыртықты тінге , дәлірегі, тығыз жүйке талшықтарына айналды және иммундық жасушалар зақымдалған тұсқа жиналған. Терідегі “тежегіштің” қатаюы аз уақытта болады: бар-жоғы сегіз күнде - туған сәтінен бес күн өткен соң. Жарақат алған ж немесе терісі зақымдалған жануарлар мен адамдар жарақатында «гипериннервация» процесі жүреді - жүйке ұштары шектен тыс өседі. Жарақаттағы фибробласт (жасушаларды жалғайтын тін) CXCL12 деп аталатын ақуызды белсенді түрде істеп шығарады. Ал бұл ақуыз өз кезегінде жүйкенің мол мөлшерін тартады. Бұл жүйке талшықтары зге жасуша түрлерінің қалпына келу жолын бұғаттап тастайды. Зерттеушілер CXCL12 экспрессиясын басқанда немесе ботулотоксиннің (ботоксте қолданылатын) көмегімен жергілікті, яғни, зақымдалған тұстың жүйке дабылын бұғаттаған кезде гипериннервация тоқтатылды. Тері толық қалпына келе бастады - тыртық қалмады.