Жаратылыстың кездейсоқ жаратылмағандығы туралы гипотеза математикалық дәлелін тапты
Жаратылыстың кездейсоқ жаратылмағандығы туралы гипотеза математикалық дәлелін тапты
7 күн бұрын 615 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Билли Сун есімді әлемге әйгілі Гарвард университетінің астрофизигі әрі әуе-ғарыш инженері физика заңдары мен Ғаламдағы шарттардың тіршіліктің пайда болуына барлық жағынан дәл қолайлы екеніне көз жеткізген. Мұндай жүйеде кездейсоқтыққа орын жоқ екенін алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мысал ретінде ғалым 1928 жылы Кембридж профессоры Пол Дирак жасаған антиматерияның бар болуының математикалық болжамын келтіреді. Пол Дирак кейбір субатомдық бөлшектердің жарық жылдамдығынан неге жылдам қозғалатынын түсінуге тырысқан. Ол кезде баяу электрондарды сипаттайтын теңдеулер болды, алайда, бөлшектердің субатомдық деңгейдегі “мінез-құлқы” сол күйі жұмбақ болып қалды. Әйгілі Эйнштейн теңдеуін E = mc ² кванттық механикадан Шредингер теңдеуімен байланыстыра отырып, Пол Дирак мынадай тығырыққа тірелген екен: Эйнштейн формуласы бойынша массасы бар объект жарық жылдамдығымен қозғала алмайды, ал кванттық теория бөлшектің нақты бір жерде және нақты бір уақытта болу ықтималдығын сипаттайды. Теңдеулердің бір-бірімен сәйкес шығуы үшін Пол Дирак теріс энергиялы электрондың тұжырымдамасын ғылыми айналымға енгізді. Мұндай қадам бастапқыда ғылыми ортаны әрі-сәрі күйде қалдырған еді, десе де бұл тұжырымдама дұрыс шешім қабылдауға және антиматерия бөлшектерінің барлығын болжауға мүмкіндік берді. Он жылдан аз уақыт өткен соң олар атмосфераның жоғарғы қабатында ғарыш сәулелерінен табылып, Пол Дирак гипотезасын растады. Кейінірек профессор Пол Дирак Құдайды ұлы математик ретінде сипаттап, тосын мәлімдеме жасады: «Табиғаттың іргелі (негізгі) заңдары ерекше сұлулық пен күштің математикалық теорияларының көмегімен сипатталады, оларды түсіну математиканың жоғары деңгейін талап етеді». Үлкен жарылыстан кейін материя мен антиматерия бірге пайда болды, алайда, бақылауға келетін Ғаламда антиматерия анағұрлым аз. Ол қарама-қарсы зарядқа ие болғандықтан, осы субстанциялардың тең шамасы бір-бірін жояр еді. Кейбір ғалымдар материя мен антиматерия арасындағы бұл айқын ассимметрияны ғаламның құрылымы кездейсоқ емес, белгілі бір мақсаты бар сипатқа ие екендігінің белгісі ретінде қарастырады. Бұдан басқа, зерттеушілер физикалық константаларды - гравитацияның күшінен бастап электромагниттік өзара әрекеттесу параметрлеріне дейін - осынау нәзік құрылымның тіршілікті қамтамасыз  ететінін алға тартып отыр. Бұл параметрлердің кез келген елеулі ауытқуы Ғаламды тірі организмдер үшін қолайлы ортасы болудан айырады. 

0 пікір
Мұрағат