Жас кезінде артық салмақтан зардап шеккендердің қартайғанда жадысы нашарлайды
Жас кезінде артық салмақтан зардап шеккендердің қартайғанда жадысы нашарлайды
3 жыл бұрын 2115 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар 20-30 жас аралығында артық салмақтан зардап шеккендердің қартайған шағында жадысының нашарлайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Neurology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары 18-95 жас аралығындағы 15 мың адамның денсаулығына қатысты деректерді сараптаған екен. Бұл бағыттағы тәжірибеге қатысушылардың әр екі жыл сайын глюкоза деңгейі мен қан қысымы өлшеніп, конгнитивті қабілетіне назар аударылған. Нәтижесінде жас кезінде артық салмақтан зардап шеккендердің қартайғанда жадысының екі есе нашарлайтынын анықтаған. Ол ол ма, глюкоза деңгейі жоғары болғандардың қартайғанда жадысы бес есе нашарлаған.

0 пікір
Мұрағат