Жасанды ген тізбегін жасаудың жаңа тәсілі пайда болды
Жасанды ген тізбегін жасаудың жаңа тәсілі пайда болды
3 жыл бұрын 3176 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Аризона штаты университетінің (ASU) бір топ биоинженері жасуша синтетикалық геннің тізбегін жасаудың жаңа процесін ойлап тапты. Бұл жаңалық өз кезегінде түрлі ауруларды емдеу тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеуге қатысты таяуда материал жариялаған Communications мерзімді басылымы мен intechopen.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Синтетитикалық биология — табиғатта кездеспейтін биологиялық компоненттерді жасауға арналған инженерлік принциптер пайдаланылатын пәнаралық зерттеу саласы. Бұл синтетикалық компоненттер табиғи ағзаларды имитациялайды (ағзалар қызметін атқарады), десе де олар көбінесе қатерлі ісіктен тастап көптеген аурулармен күресуге бейімделген. Ғалымдар бұл тарапта ең алдымен жасушаға зиянын тигізіп алмай ген тізбегінің конфигурациясын өзгертуге күш салады. ASU-дағы биологиялық жүйе мен денсаулық сақтау жүйесінің инженерия мектебінің доценті әрі осы зерттеуге атсалысқан Сиаожун Тианның (Xiaojun Tian) айтуынша, жасушаға салынған тізбек түрлі функцияларды орындауға арналған, алайда, олар шектеулі ресурс үшін бір-бірімен бәсекелесуі тиіс. Ресрус үшін бәсекелестік пайда болғанына аттай 20 жыл өткен синтетикалық биология саласындағы ең басты проблема болатын. Ғалымдар жекелеген гендік тізбектерді бірнеше жасушаға орналастырудың тәсілін әзірлеген болатын. Әрбір жасуша белгілі бір функцияны атиқарады. Бұл тарапта кез келген жасуша ресурсы үшін қажетсіз бәсекелестікті жойып отырады. Ресурсты бөлісудің орнына әрбір ұяшық өзіне жүктелген істі 100% орындай алады. Жасушалар біртұтас дене секілді жұмыс істейді – яғни, бір жасушадағы ресурсты тауысып қоймайды. Бұл технология қатерлі ісікті емдеуде кеңінен қолданылады, таяу болашақта оны өзге ауруларды емдеуде қолдану мүмкіндігі пайда болмақ. Қатерлі ісік дертінен болатын өлім-жітімнің 90%-ы қатерлі ісік жасушаларының органимзнің өзге аймақтарына метастаздалуынан (таралуынан) орын алады. Қатерлі ісік массасында көптеген түрлі жасуша түрлері бар, олардың кейбіреуі химиялық терапияға сезімталдық танытқанымен, кейбіреуі төзімділік танытады. Осы проблеманы еңсеру үшін ғалымдар ең алдымен қатерлі ісік жайлаған жасушалардың емдеуге келетіндей етіп әрі олардың метастаздалуына жол бермейтіндей етіп синтетикалық гендердің схемасын конструкциялауды ұсынып отыр. Көп жасушалы синтетикалық схема қатерлі ісікті емдеуде тиімділік танытады.

0 пікір
Мұрағат