|
Жасанды ми жасалды
|
Америкалық ғалымдар күміс наносымдық нейроморфты желіден тұратын электрлі чип жасады. Күміс наносымға ток жүргізілгенде мидың нейрондық желісі секілді жұмыс істейді. Аталмыш құрылғының сипаттамасы Scientific Reports мерзімді басылымында жарияланды. Өздеріңіз білетіндей, мидың желілік құрылымы аса күрделі, сигнал желіге берілетін электрлі импульс арқылы тарайды. Лос-Анджелес мегаполисіндегі Калифорния университетінің ғалымдары жапондардың материалтану ұлттық институтындағы (NIMS) әріптестерімен бірге нейроморфты желі (ми қызметін атқаратын) жасап шығарды. Аталмыш құрылғы қалыңдығы 1 нанометр болатын полимермен қапталған, орташа диаметрі 360 нанометрлі аса жіңішке, күміс наносымнан тұрады. Құрылғының көлемі 10 шаршы миллиметрді құрайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
■
Бірер жылдан соң күн негізгі электр энергиясының көзіне айналады
■
Азия елі цифрлы оқулықтарға көшеді
■
Кәмелетке толмаған жолаушылардың жеке ұшуы: FlyArystan рейстеріндегі ережелер
■
Қазақстанда интернет арқылы антибиотик сатуға тыйым салынбақ