Жасанды зерденің қандай жағдайда адамды өлімге қиятыны анықталды
Жасанды зерденің қандай жағдайда адамды өлімге қиятыны анықталды
2 ай бұрын 827 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жасанды зердені зерттейтін Anthropic фирмасы алдыңғы қатарлы АІ жүйелерінің өздерінің өшірілуіне немесе ауыстырылуына жол бермеу үшін қауіпті әрекеттерге бара алатынын ескертті. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Корпоративтік ортаны моделдеу бойынша бақылауды ұстауға болатын тәжірибелер барысында Anthropic ChatGPT, Gemini, Grok және Claude сияқты 16 үлкен тілдік моделді осы жағынан сынап көрген екен, нәтижесінде олардың кейбіреулері «агенттік ығысу» деп аталатын операцияларды орындаған. Мұндай сценарилердің бірінде моделдердің кейбірі өзін өшіруге талпынған адамға қауіпсіздік сигналын жойып, өлуге мүмкіндік берген. Ал кей моделдер ашық арандатуға көшкен, дәлірегі, өзінің дербестігін сақтап қалу үшін деректердің құпиялылығын сақтамауға дейінгі әрекеттерге барған.

0 пікір
Мұрағат