Желімді тапанша ота кезінде сынған сүйектерге арналған "жамауларды" басып шығаруға мүмкіндік береді
Желімді тапанша ота кезінде сынған сүйектерге арналған "жамауларды" басып шығаруға мүмкіндік береді
3 ай бұрын 531 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық және корей ғалымдары сүйектің зақымдалған жерін тікелей қалпына келтіруге арналған сүйек имплантының жаңа технологиясын сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар сүйектің сынған жеріне қажетті мөлшерде арнайы материалды «құятын» желімді тапанша ойлап тапқан. Ол сүйекті алмастырмайды, есесіне зақымдалған жерді уақытша қалпына келтіреді – сүйек тіні өсіп, сынған аумақты бітегенше. Тапаншада поликапролактонның биологиялық тұрғыдан ыдырайтын полимері мен гидроксиапатит минералының негізіндегі композит қолданылады; оны балқытуға және сүйек ақауларына экструдиялауға болады. Ғалымдар импланттардың беріктігін, икемділігін және бұзылу жылдамдығын реттеу үшін қоспаның құрамын оңай өзгерте алады. Сондай-ақ, олар жарақаттың жазылуын тездету үшін композитке антибиотиктерді қосу мүмкіндігін де қарастырады. Бұл бірегей технологияның басты артықшылығы немесе негізгі ерекшелігі – сүйектің сынған жерін бітеу үшін үлкен конструкциялардан бас тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, зақымдалған жерде емдеу уақытын қысқартады. Имплантты операция кезінде хирург қалыптастырады, ағзаға сүйектердің зақымданған бөліктерін алмастыру үшін заттың аз көлемінен басқа артық ештеңе қосылмайды. Процесс санаулы минуттарды алады, содан кейін 12 апта ішінде композит жаңа сүйек өсетін, қаңқаға айналатын жаңа құрылым қалыптасады. Алғашқы тәжірибенің өзінде бұл емнің ешқандай кері әсері, соның ішінде асқыну мен қабыну процесі байқалмады.

0 пікір
Мұрағат