Жержаңғақтың жаңа сорты пайда болды
Жержаңғақтың жаңа сорты пайда болды
2 күн бұрын 351 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өсімдіктердің генетикалық ресурстарының бүкіл ресейлік институтында жержаңғақтың жаңа сорты шығарылды әрі мемлекеттік сынаққа жіберілді. Бұл жайында islam.kz порталы Тechcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша жержаңғақты ең көп тұтынатын әрі импорттайтын ел аталған өнімді сырттан сатып алу машақатынан құтылады. Нақтыланғандай, аталған институттың биотехнологтары «Виктория», сондай-ақ, «Бемол» деп аталатын жержаңғының ірі тұқымды түрлерін шығарған: олар өнімділігі, тұқым салмағы мен бұршақ мөлшері бойынша стандартты «Отрадокубанский»  сортынан едәуір жақсы. Жаңа сорттармен жүргізілген жұмыс табаны күректей үш жылға жуық жалғасты. Бұл тараптағы зерттеу барысында Өсімдіктердің генетикалық ресурстарының бүкіл ресейлік институтының жеке коллекциясының 60-тан астам сорты зерттелді. Астрахан облысында, сондай-ақ, Краснодар өлкесінде өсірілді, олардың климаты жержаңғақ үшін неғұрлым қолайлы. Сондай-ақ, әрбір сорттың қандай ерекшеліктеріне гендер, ал қандайына климат әсер ететіні анықталды. Екінші жағынан, бұл тараптағы зерттеу селекциялық жұмыс үшін ең сапалы үлгілерді іріктеуге мүмкіндік берді. Осы орайда Ресей жержаңғақтың әлем бойынша ең ірі импорттаушы ел екенін тағы бір мәрте айта кетпекпіз - мысалы, 2024 жылы ол Аргентина, Бразилия және Үндістаннан шамамен 220 млн. Долларға жержаңғақ сатып әкелген болатын.

В России вывели новые сорта арахиса

 

0 пікір
Мұрағат