Кері әсері жоқ әрі тәуелді етпейтін, ауруды басатын дәрі жасалды
|

Дьюка университетінің ғалымдары ауруды басатын әрі сонымен бірге, есірткі тәрізді өзіне тәуелді етпейтін және кері әсері жоқ аналгетиктің (аналгиннің) жаңа түрін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, инфаркт кезінде ауруды басатын дәрі ішкен адамның инсульт алу қатері артады. Осылайша дәрінің кесірінен ауру үстіне ауру жамап аласың. Ал жаңа аналгетиктің мұндай кері әсері болмайды. SBI-810 деген атауға ие болған жаңа дәрі ауырған жердегі нейронға NTSR1 нейротензин рецепторы арқылы әсер етпек. Есірткіге қарағанда ол тәуелділікпен байланысты тетікті айналып өтіп, жасушы ішіндегі арнаны - β-arrestin-2-ні белсендіреді. Бұл процесс дәріні ұзақ уақыт бойы қауіптенбай пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы тышқандарға жүргізілген тәжірибе барысында SBI-810 нақты тиіімділігін танытты – отадан кейінгі ауырсынуды, жарақат кезіндегі ауырсынуды, жүйке талшықтарының зақымдануына байланысты болатын ауырсынуды болдырған жоқ. Тәжірибедегі кеміргіштердің стресс деңгейі өте төмен болды. Аталмыш дәрі әзірге клиникалық сынақтан өткізілген жоқ. Со+ған қарамастан ғалымдар патентке өтініш беріп, көп ұзамай адамдарға сынап көрмек. Бұл дәрі созылмалы ауруларда да, қысқа мерзімді ауруларда да пайдалануға жарайды.




